Автоклав
From Wikipedia, the free encyclopedia
Автоклав (фр. 'autoclave', грек. 'авто...' және лат. 'clavis' — кілт) — тамақ өнеркәсібінде және басқа салаларда көптеген физикалық-химиялық процестерді атмосфералық қысымнан жоғары қысымда және қыздырып өткізуге, сондай-ақ дәрігерлік аспаптар мен байлап-таңу материалдарын зарарсыздандыруға арналған тұмшаланған аппарат.[1]
Жоғары қысымда және жоғары температурада көптеген процестер жылдамдайды. Ет және көкөніс консервілері автоклав ішінде 140° С-қа дейін қыздырылады.[2]
Автоклав қысым жәрдемімен өтетін технологиялық процестерге арналған құрылғы. Автоклав айналмалы не тербелмелі, көлденең немесе тік және мұнаралы болып келеді. Қақпағы бар немесе жабық ыдыс түрінде болаттан, шойыннан, тағы басқа жасалады, ішкі жағы таттанбайтын материалдармен қапталады.[3]
Автоклав іштей де, сырттай да қыздырылады. Ол үшін электр тогы, бу, газ пайдаланылады. Автоклавтың салмағы бірнеше кг-нан 80—100 т-ға дейін, ал сыйымдылығы оңдаған см~3- ден жүздеген м3-ге дейін жетеді. Автоклав химия өнеркәсібінің органикалық шала өнімдер мен бояулы заттар өндірісінде, синтездеу процестерінде, гидрометаллургияда, тамақ өнеркәсібінде және медицинада микробтарды толық жою үшін кеңінен қолданылады.[3]
Автоклав — атмосферадағы қысымнан жоғары қысымда және түрлі температурада физика-химиялық процестер жүргізілетін аппарат. Автоклавтар түрліше мақсаттарға арналғандықтан, олардың формалары да, көлемдері де әртүрлі болады: айналмалы, шайқалмалы, көлбеу және тік автоклавтар. Ол қақпағы бар немесе жабық ыдыс түрінде болаттан, шойыннан және т. б. жасалады.[4].