Аврелиан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Луций Домиций Аврелиан[1](лат. Lucius Domitius Aurelianus), Аврелиан есімімен танымал— 270—275 жылдардағы рим императоры. Аврелиан Рим империясын нығайтуда елін сәтті басқарған екінші "әскери император" еді. Аврелианнның басқаруы жылдарында бүлікшіл Галль империясы мен Пальмир патшалығы Римге қайта қосылған еді, ал шекара тұсындағы варварлық мемлекеттерді ойсырата жеңген болатын. Оның жетістіктері ІІІ 2ғасыр дағдарысы мен мемлекет тұрақтылығын сақтауға себепшілегенде жатыр. Аврелиан келесі жеңіс лауазымдарына ие болды: 270 немесе 271 жылдарда "Германдық Ағзам", 271 жылдан бастап "Готтық ағзам" 271 немесе 272 жылдардан бастап "Парфяндық Ағзам", "Карпийлік Ағзам", "Дакийлік Ағзам", келесі лауазымды алған уақыты белгісіз "Британдық Азам", "Сарматтық Ағзам", 274 жылдан бастап "Пальмирлік Ағзам", 274 жылдан бастап "Отан әкесі" және "Империя мен Шығысты жаңғыртушы". 2 Мінбе билігін алты рет иемденді (270 жылы екі рет, жыл сайын әр жылдың 10 желтоқсанында.), 270 жылдан бастап - ұлы понтифик. 271,274, 275 жылдары Консул.